"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 07 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 17 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда N 3432 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабы 1 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2014 жылғы 03 сәуірдегі № 07 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 2695 тіркелген, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 22 (5473) "Маяк" газетінде, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 22 (569) "Қызылжар" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
       28) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
      "28) № 313 сайлау учаскесі
      сайлау учаскесінің орналасқан жері:
      Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Сумное ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сумное бастауыш мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
      Учаскесінің шекарасы: Сумное ауылы, Исаковка ауылы;"
       39) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын
      "39) № 324 сайлау учаскесі
      сайлау учаскесінің орналасқан жері:
      Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Налобино ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Налобино орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ғимараты;
      Учаскесінің шекарасы: Налобино ауылы, Николаевка ауылы, Лебедки ауылы, Гайдуково ауылы;"
       29), 41) тармақтар алынып тасталсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков
      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
2015 жылғы 07 қазан
Н.Қ. Сұлтанғазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады