"Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 шілдеде N 3330 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне ( "Знамя труда" газетінде 2012 жылдың 9 қарашасында, "Солтүстік жұлдызы" газетінде 2012 жылдың 23 қарашасында жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Х. Бикина
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 29 маусым
В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 29 маусым
Қ. Әмірин
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 29 маусым
А. Биктимиров

О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе"

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 29 июня 2015 года № 43/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 28 июля 2015 года № 3330. Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17 апреля 2019 года № 49/3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17.04.2019 № 49/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе" от 25 сентября 2012 года № 6/1 (опубликовано 9 ноября 2012 года в газете "Знамя труда", 23 ноября 2012 года в газете "Солтүстік жұлдызы", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1908), следующее изменение:

      в Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе, утвержденных указанным решением:

      абзац второй части первой пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Х. Бикина
      Секретарь маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель
государственного учреждения
"Отдел занятости и
социальных программ
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
29 июня 2015 года
В. Артимович
      Руководитель государственного
учреждения "Отдел
жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского
транспорта и автомобильных
дорог Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
29 июня 2015 года
К. Амирин
      Руководитель государственного
учреждения "Отдел экономики и
финансов Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
29 июня 2015 года
А. Биктимиров