"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 тамыздағы N 308 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте N 3383 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 09 желтоқсандағы № 45 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 09.12.2016 № 45 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 704 Жарлығының 65-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының кезекті
XLІ сессиясының төрағасы
Е. Алпысов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 14 тамыздағы № 308 шешімімен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының, оның органдарының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да акттермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, № 3 А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілде: государственное учреждение "Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области".
      11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат) тиімді қызметін қамтамасыз ету.
      15. Негізгі міндеттер:
      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастырушылық, құжаттық, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық және материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
      2) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
      3) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жариялауды ұйымдастыру;
      5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау, талдау, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамаларды дайындау;
      6) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының ресми веб-сайтында облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат Регламентінің орындалуын қамтамасыз ету;
      2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың күн тәртібінің мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді сұрау;
      3) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық саулдар жолдау;
      4) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихатына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жүргізу;
      5) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат хатшысы (бұдан әрі – аудандық мәслихат хатшысы) жүзеге асырады, ол "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
      19. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы сессияда депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және мәслихатпен қызметінен босатылады.
      20. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
      1) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
      4) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихатына ұдайы ақпарат беріп отырады;
      6) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
      10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының атынан өкілеттік етеді;
      11) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
      12) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, тәртіптік жазалар қолданады немесе алып тастайды;
      13) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.
      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы басқарады.

4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі

      26. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының жұмыс регламентімен орнатылады және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеу тиіс.

6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады