"Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 54 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3508 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 24.12.2018 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қазандағы № 3421 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 64) тармақшасы жаңа мазмұнда баяндалсын:
      "64) № 517 сайлау учаскесі:
      сайлау учаскесінің орналасқан орны: Летовочное ауылы, Школьная көшесі 25, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Летовочное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
      сайлау учаскесінің шекаралары: Летовочное ауылы;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
2015 жылы 23 қараша
Ю. Солунина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады