"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 344 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда N 3514 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
       1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 154 шешіміне шешімін (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 4 ақпандағы № 2543 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 21 ақпанда "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:".
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының ХLIII-ші
сессиясының төрағасы
Р. Бәтенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады