Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 34 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3507 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Л.Қ. Ілебаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Базарханов
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының
      Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2015 жылғы 20 қараша
А.Н. Константинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады