Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 33 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда N 3528 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі ШЕШТІ:
       1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуді, медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Б. Хасенеевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Уәлиханов ауданының
әкімі
А.Төрегелдин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
2015 жыл 21 желтоқсан
Б.Ә.Есенеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады