Шал ақын ауданы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 02 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда N 3096 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы N 03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің 03.03.2015 N 03 шешімімен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Семипол ауылдық округінің Ступинка ауылы және Астаған ауылы, Юбилейный ауылдық округінің Тельманов ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің тиісті бағыттағы орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім оны алғаш жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады