"Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 47 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 3137 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 05.05.2017 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Азаматтық кодексінің Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы 42 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27,37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
       "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
       Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
       Осы қаулы әділет огандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облыс әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 47 қаулысына 1 қосымша
  Атырау облыс әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 47 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстолары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы:
      Экономика мен қоғамның қолжетімді және сапалы көлік қызметтеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, сондай-ақ Атырау облысының автомобиль жолдары желісін сақтау және тиімді дамыту мақсатында көлік және коммуникациялар саласында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен өтетін жолаушылар көлігінің маршруттық желілерін жедел басқару, сонымен қатар олар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
      2) автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу, ұстау бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын мемлекеттік бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру;
      3) заңнамаға сәйкес облыстық маңызы бар автомобиль жолдары торабының жол жұмыстарын орындауға арналған конкурстарға құжаттар дайындау және ұсыну, әлеуетті жеткізушілермен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау;
      4) автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
      5) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстық маңызы бар жалпы пайдалынымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау бойынша, сонымен қатар, облыстық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      6) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
      7) облысішілік, ауданаралық (қалааралық) және қала маңы қатынастарын теміржолмен жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру;
      8) үздіксіз және қауіпсіз жолаушылар тасымалдауды, сонымен қатар пайдалану көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
      9) жолаушылардың және көліктік қызметті басқа да тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      10) гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын және онда орналасқан құрылымдарды басқару;
      2) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;
      3) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр берілісі және байланыс желілерімен кесіп өтуін келісу;
      4) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында бөлінбейтін, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға келісім беру;
      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмыстар жүргізу құқығына ордер беру;
      6) облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағының аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру;
      7) автомобиль жолдары саласында мердігерлік қызметтің барлық түрлеріне тапсырысшы функциясын орындау;
      8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту;
      9) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;
      10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
      11) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;
      12) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту;
      13) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту;
      14) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту;
      15) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
      16) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      17) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;
      18) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;
      19) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;
      20) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      21) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
      22) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
      23) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
      24) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
      25) аймақтың қызметі шегінде механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін келісу;
      26) халықаралық техникалық байқау сертификатын беру.
      27) Көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды жүргізу;
      28) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарды сатып алу;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау кезінде өзара міндеттемелердің шарттары мен сипатын айқындауға және олардың орындалуына бақылау жүргізу;
      2) автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларын іске асыру бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысуға;
      3) ҚР заңнамасына сәйкес тиісті кәсіпорындар мен мекемелерден, қалалық және аудандық әкімдіктерден, облыстық ұйымдардан автомобиль жолды жолаушылар және жүк тасымалдары бойынша ақпарат сұратуға;
      4) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізуге;
      5) қажет болған жағдайларда өндірістің басқа салаларының, ғылыми –зерттеу және жобалау - құрылымдау ұйымдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға жіберілетін қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындауға және оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      8) коммуналдық меншіктегі облыстық маңызы бар жолдарды, коммуналдық жол кәсіпорындарын басқаруға және жергілікті бюджеттің оларды қаржыландыру жөніндегі баптарын атқаруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Басқарманың бірінші басшысы қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
      2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады.
      3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
      4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) заңнамамен белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      8) өз құзыреті шегінде басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      9) Басқармаға тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелік ету және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуы үшін дербес жауап береді;
      10) заңнамаға сәйкес басқарманың мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындардың директорлары мен директорлардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық мешікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 47қаулысына 2-қосымша

Облыс әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері туралы" қаулысы.
      2. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы №316 "Облыс әкімиятының 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
      3. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 28 қазандағы №288 "Облыс әкімиятының 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
      4. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 07 ақпандағы №22 "Облыс әкімиятының 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
      5. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №31 "Облыс әкімиятының 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысы.
      6. Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №320 "Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №153 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәселелері" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады