"Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 сәуірдегі № 98 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3179 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қарашадағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 08.11.2016 № 259 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 247 "Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 2-тармағының және Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 124 "Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 247 "Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 98 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 98 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060011, Атырау каласы, Пушкин көшесі, № 163.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: еңбек қатынастары саласында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау.
      15. Міндеттері: еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласында заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп тексереді;
      5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
      10) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функциялар.
      17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
      1) ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан тиісті мемлекеттік органдарынан, меншік нысанына қарамастан өзге ұйымдардан және кәсіпорындардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан, Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың қарауына Басқарманың құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды енгізу;
      3) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
      4) еңбек қатынастары саласында заңнама талаптарының сақталуы бойынша белгіленген тәртіппен және құзыреті шегінде тексеруді және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарын жүзеге асыру;
      5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
      6) өз құзыреті шегінде еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттігі шегінде өзге құқықтарды және міндеттерді жүзеге асырады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлімдер туралы ережелерді бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттігін анықтайды;
      2) облыс әкімдігімен келісе отырып, штат санының лимиті мен Басқарманың құрылымы шегінде штат кестесін бекітеді;
      3) Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметші санатына жатпайтын қызметкерлерді қызметке тағайындайды және одан босатады;
      5) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа қазақстандық және шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қарым-қатынаста Басқарманың мүддесін білдіреді;
      6) заңнамаға сәйкес Басқарма атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап білдіру туралы шешім қабылдайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану шараларын алады;
      8) келісім-шарттар жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) Басқарма қызметкерлерін қызметтік іссапарларға, тағылымдамаларға, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарына оқуға және біліктіліктерін арттырудың басқалай түрлеріне жібереді;
      11) банк шоттарын ашады;
      12) бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басқарманың бірінші басшы орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарма мына бөлімдерден құрылады:
      1) еңбек қатынастарын бақылау бөлімі;
      2) еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғауды бақылау бөлімі;
      3) мемлекеттік еңбек инспекциясын ақпаратты талдаумен қамтамасыз ету бөлімі.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өзбетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады