Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 156 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 маусымда № 3222 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-7) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. "Атырау облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 156 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 156 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Атырау облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары" (бұдан әрі – Үлгілік қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
      2. Үлгілік қағида білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
      3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдарының педагог және өзге де қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыттарының режимін белгілейді.
      4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының әкімшілігі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидасында:
      білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушыларымен және тәрбиеленушілерімен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің киім үлгілері;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар, олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидасына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады