Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 416-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 3363 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 436-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 08.01.2016 № 436-V шешімімен.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) сәйкес V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХХV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Қоса беріліп отырған Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
       Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Т. Аман-Турлинаға жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г. Садуахасова
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

  Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 416-V шешімімен бекітілген

Атырау облысы мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

       Осы Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Атырау облыстық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
       Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
       Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
       Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
       Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
       Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
       "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
       Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
       Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
       Дауыс беру нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Атырау облыстық мәслихатының хатшысы табылады.
      Комиссия хатшысы Атырау облыстық мәслихат аппаратының кадр қызметінің қызметкері (бұдан әрі - Комиссия хатшысы) болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

       Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Комиссия хатшысы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

       Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын Комиссия хатшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия хатшысына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

       Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
       Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
       Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия хатшысына жіберіледі.
       Комиссия хатшысы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
       Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

       Комиссия хатшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
       Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      22-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

       Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
       Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
      2) бағалау нәтижелері қайта қаралсын.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санау кезеңінде комиссия хатшысымен қате жіберген кезде.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
       Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда комиссия хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
       Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы облыстық мәслихат аппаратында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

       Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
       Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесіне 1-қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
 
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
 
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)_______________
күні ___________________________
қолы ___________________________
 
Тікелей басшы ( Т.А.Ә.) (бар болған жағдайда)________
күні ___________________________
қолы ___________________________

  Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Атырау облыстық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесіне 3-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік орган атауы)

№ р/р
Қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы: ___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________
(Т.А.Ә.      (бар      болған       жағдайда),      қолы)
Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә.      (бар      болған       жағдайда),      қолы)
Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата

Решение Атырауского областного маслихата от 16 ноября 2015 года № 416-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 03 декабря 2015 года № 3363. Утратило силу решением маслихата Атырауской области от 8 января 2016 года № 436-V

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Атырауской области от 08.01.2016 № 436-V.
      В соответствии с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10130, опубликованный в Информационно-правовой системе "Әділет" 20 марта 2015 года) областной маслихат V созыва на внеочередной ХХХV сессии РЕШИЛ:
       Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата.
       Контроль за исполнением данного решения возложить на руководителя аппарата Атырауского областного маслихата Аман-Турлину Т.У.
       Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Г. Садуахасова
      Секретарь маслихата С. Лукпанов

  Утверждено решением Атырауского областного маслихата от 16 ноября 2015 года № 416-V

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата

1. Общие положения

       Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" разработана в целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих аппарата Атырауского областного маслихата корпуса "Б" (далее – служащие).
       Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
       Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
       Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
       По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
       Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
       Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
       Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по ежегодной оценке деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
       Комиссия состоит не менее чем из трех членов, в том числе председателя.
       Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии.
      При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является секретарь Атырауского областного маслихата.
      Секретарем Комиссии является сотрудник кадровой службы аппарата Атырауского областного маслихата (далее - Секретарь комиссии). Секретарь комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

       Секретарь комиссии формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Секретарь комиссии уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункт 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

       Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от Секретаря Комиссии, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист Секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае Секретарем Комиссии и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

       Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется Секретарем комиссии не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
       Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
       Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются Секретарю Комиссии в течение двух рабочих дней со дня их получения.
       Секретарь Комиссии осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
       Оценка лицами, указанных в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

       Итоговая оценка служащего вычисляется Секретарем Комиссии не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
       Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

       Секретарь Комиссии обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
       Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки Секретарем Комиссии при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
       Секретарь Комиссии ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае Секретарь комиссии в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
       Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в аппарате областного маслихата.

7. Обжалование результатов оценки

       Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
       Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
       Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

  Приложение № 1 к Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:_____________________________
      Должность оцениваемого служащего: _________________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 
Ознакомлен(а):
Служащий Ф.И.О. (при его наличии) ___________
дата ________________________
подпись _____________________
Непосредственный руководитель Ф.И.О. (при его наличии)
______________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________

  Приложение 2 к Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:_____________________________
      Должность оцениваемого служащего: _________________________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

  Приложение 3 к Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Атырауского областного маслихата

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________________
      (наименование государственного органа)

№ п/п
Ф.И.О. служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________
      (Ф.И.О.(при его наличии), подпись)
      Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________
      (Ф.И.О., (при его наличии), подпись)