Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 198 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3163 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Сейтқалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Жаңабаев

  Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы "8" сәуірдегі № 198 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүліктің атауы

Шығарылған жылы

Теңгерім ұстаушы

1
Автокөлік Газ 3102 (Волга) тіркеу нөмірі Е 972 ВР
2007
"Махамбет аудандық мәслихатының аппараты" ММ
2
Автокөлік Уаз 39625 тіркеу нөмірі Е 201 NC
2002
"Қосарал орта мектебі" ММ
3
Автокөлік Уаз 39625 тіркеу нөмірі Е 202 NC
2002
"Алға орта мектебі" ММ
4
Автокөлік Уаз 39625 тіркеу нөмірі Е 203 NC
2002
"Есбол орта мектебі" ММ
5
Автокөлік Уаз 31519-017 тіркеу нөмірі Е 092 BS
2008
"Өнерпаз" КМҚК
6
Трактор экскаватор ЭО-2621 ВЗ тіркеу нөмірі ЕАМТ 135
2000
"Қосарал орта мектебі" ММ

      Ескертпе: қысқартулардың толық жазылуы:
      ММ – мемлекеттік мекеме
      КМҚК – коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады