Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 483 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 3370 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Сейтқалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Айманакумов

  Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы "18" қарашадағы № 483 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүліктің атауы

Шығарылған (салынған) жылы

Теңгерім ұстаушы

1
Жалғансай орта мектебінің ғимараттары – 1502,1 шаршы метр, оның ішінде негізгі ғимарат -970,2 шаршы метр (1976 ж.), жалғама ғимарат – 214,0 шаршы метр (1986 ж.), жалғама ғимарат – 261,3 шаршы метр (1989 ж.), жылу беру ғимараты-26,4 шаршы метр (1976 ж.), жылу беру ғимараты-30,2 шаршы метр (1986 ж.)
1976 - 1989
"Жалғансай орта мектебі" ММ
2
Автокөлік "Газ 322132-224"
тіркеу нөмірі Е445 ВК
2003
"Жалғансай орта мектебі" ММ
3
Автокөлік "Уаз 2206"
тіркеу нөмірі Е934 АЕ
2000
"Таңдай орта мектебі" ММ
4
Автокөлік "Уаз 31512" тіркеу нөмірі 504AL06
2000
"Береке ауылының негізгі мектебі" ММ

      Ескертпе: қысқартулардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады