Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 222-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 сәуірде № 3144 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 280-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 18.09.2015 № 280-V шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 222-V "Исатай ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3068 санымен тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 6) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын:
      "6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар-үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;";
      2) 5 тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын:
      "жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Аудандық мәслихат хатшысы:                 Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады