Индербор кенті әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 3095 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 6 тармағы негізінде, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Индербор кенті әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
      2. Индербор кенті әкімі үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орынды стендпен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д. Шамұратовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан
      "КЕЛІСІЛДІ":
      Индер аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы: Б. Құнас

      16 қаңтар 2015 жыл

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына қосымша

Индербор кенті әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын

р/с
Кент атауы
Орналасатын жері
1
Индербор кенті
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимаратының алдындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады