"Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 183 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 шілдеде № 3267 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 19 маусым 2015
жылғы № 183 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Желтоқсан көшесі, 20 "А".
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
      16. Функциялары:
      1) азаматтарды және оралмандарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде уақытша бейiмдеу және детоксикациялау жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетудi қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрiлiк заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) денсаулық сақ тау бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi функциясын жүзеге асыру;
      4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушiлердi таңдауды және олардың шығындарын өтеудi жүзеге асыру;
      5) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету шеңберiнде дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
      амбулаториялық деңгейде – уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес;
      стационарлық деңгейде – дәрiлiк формулярлар шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асыру;
      6) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарына күрделi жөндеу жүргiзуге арналған қызметтер көрсетудi сатып алуды ұйымдастыру;
      7) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      8) мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз ету;
      9) денсаулық сақтау саласындағы өңiрлiк электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң құрылуы мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      10) жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;
      11) төтенше жағдайлар кезiнде тегiн медициналық көмек көрсетудi, дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру және үйлестiру;
      13) гигиеналық оқытуды, саламатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;
      14) халықты әлеуметтiк маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауiп төндiретiн аурулардың таралуы туралы хабардар ету;
      15) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша халықаралық және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасау;
      16) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде статистикалық әдiснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;
      17) ведомстволық бағынысты мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсiптiк құзыреттiлiгiне аттестаттау жүргiзу.
      18) "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында:
      шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      байқау кеңесі туралы ережені, байқау кеңесін шақыру мен отырыс өткізу тәртібін бекіту;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидасына сәйкес байқау кеңесінің құрамына үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізу;
      байқау кеңесінің құрамын қалыптастыру және бекіту;
      19) Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мекемесінің бағынысындағы заңды тұлғалардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарайды, бекiтедi және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңында көзделген жағдайларда келiседi;
      20) "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бағынысындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      21) медициналық және фармацевтикалық қызметі бойынша лицензиардың функциялары мен өкілеттіктерін іске асыру;
      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және ақпаратты сұратып алу;
      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен мәселелерді қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу;
      5) ведомстволық бағыныстағы мекемелерге ішкі бақылау жасау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің және ведомстволық бағыныстағы медициналық ұйымдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады.
      3) сенім хат береді;
      4) заңнамалармен, осы ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
      "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы диспансер" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық жүйке аурулары диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ана мен бала" облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ақ-Бұлақ" облыстық балалар өкпе-құрт аурулары шипажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жансая" облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарлығаш" облыстық балалар туберкулезге қарсы санаторийі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық өкпе-құрт ауруына қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мақтаарал аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сайрам ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Арыс ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түркістан ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Балықшы" мамандандырылған туберкулезге қарсы санаторийі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      24. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық кардиологиялық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық эндокринологиялық диспансер" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық офтальмологиялық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      27. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық тіс емдеу емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      28. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      29. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      30. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Т.О.Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      31. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық қан орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      32. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық патологогиялық-анатомиялық бюросы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      33. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 3 облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 4 облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жүйке жүйесі органикалық зақымданған балаларға арналған "Мейірім" облыстық оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық наркологиялық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      39. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық наркологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      40. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      41. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      42. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш" облыстық балалар шипажайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      43. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 Шымкент қалалық перзентханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      44. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      45. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      46. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Шымкент қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      47. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Шымкент қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      48. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 Шымкент қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      49. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      50. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 1 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      51. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 2 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      52. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 3 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      53. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 4 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      54. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      55. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 6 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      56. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 7 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      57. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 8 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      58. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 9 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      59. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 10 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      60. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 11 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      61. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "№ 12 Шымкент қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      62. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      63. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      64. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      65. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Арыс аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      66. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      67. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бәйдібек аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      68. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Кентау қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      69. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Кентау қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      70. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      71. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қазығұрт аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      72. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мақтаарал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      73. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      74. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асықата" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      75. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" "Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      76. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жетісай" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      77. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      78. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Асықата" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      79. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Мырзакент" Мақтаарал аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      80. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ордабасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      81. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ордабасы аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      82. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      83. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      84. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сайрам аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      85. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарабұлақ" Сайрам аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      86. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ақсукент" Сайрам аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      87. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Қарабұлақ" Сайрам аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      88. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      89. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      90. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      91. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      92. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Созақ орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      93. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Созақ аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      94. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Төлеби аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      95. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Төлеби аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      96. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      97. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ленгір қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      98. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түлкібас аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      99. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түлкібас аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      100. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түркістан қалалық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      101. "Түркістан қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      102. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түркістан қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      103. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түркістан қалалық жедел жәрдем беру стансасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      104. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Түркістан медицина колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      105. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      106. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шардара аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      107. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық тері-венерологиялық аурулары диспансері" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      108. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Құралдарды және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдарды залалсыздандыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
      109. "Ақсу-Жабағлы" оңалту-сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      110. "Біркөлік" оңалту-сауықтыру кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады