"Қазақстан - Қытай" магистральды газ құбырының "С" желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 301 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қарашада № 3413 болып тіркелді. Қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 9-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және облыстық жер комиссиясының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 40 қорытындысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 334 "Қазақстан - Қытай" магистральды газ құбырының "С" желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2149-нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының "Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының "С" желісін орналастыру мақсатында қауымдық сервитут белгілеу үшін жер көлемдері" деген 1-қосымшасында:
      "Түлкібас ауданы" жолдағы:
      3 бағандағы "279,3051" деген сандар "279,3625" сандарымен ауыстырылсын;
      4 бағандағы "242,9163" деген сандар "242,9737" сандарымен ауыстырылсын;
      8 бағандағы "54,2313" деген сандар "54,2887" сандарымен ауыстырылсын;
      "Ақбиік ауылдық округі" деген жолдағы:
      4 бағандағы "38,9312" деген сандар "38,9886" сандарымен ауыстырылсын;
      8 бағандағы "10,1988" деген сандар "10,2562" сандарымен ауыстырылсын;
      "Облыс бойынша" деген жолдағы:
      3 бағандағы "1779,7530" деген сандар "1779,8104" сандарымен ауыстырылсын;
      4 бағандағы "1065,5431" деген сандар "1065,6005" сандарымен ауыстырылсын;
      8 бағандағы "578,8048" деген сандар "578,8622" сандарымен ауыстырылсын;
      Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша "Қазақстан-Қытай" магистральды газқұбырының "С" желісін орналастыру үшін қауымдық сервитут белгілеуден туындайтын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасы 2-қосымшасында:
      "Түлкібас ауданы" деген жолдағы:
      4 бағандағы "273,9097" деген сандар "273,9671" сандарымен ауыстырылсын;
      5 бағандағы "142 116,070" деген сандар "142119,445" сандарымен ауыстырылсын;
      "Облыс бойынша" деген жолдағы:
      4 бағандағы "1269,2630" деген сандар "1269,3204" сандарымен ауыстырылсын;
      5 бағандағы "336 856,985" деген сандар "336 860,36" сандарымен ауыстырылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д. Сатыбалды
      Б. Жылқышиев
      Е. Айтаханов
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады