"Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 47/360-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 3302 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 3/36-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 14.06.2016 № 3/36-6с шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" "Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы Б.Төлегенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

  Шымкент қалалық мәслихаттың
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 47/360-5с шешімімен бекітілген

"Шымкент қалалық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі қалалық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қалалық мәслихат хатшысының өкімдері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 6, индекс 160011.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 29.09.2015 № 50/393-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылатын Шымкент қалалық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      16. Функциялары:
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Заң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Шымкент қалалық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мәслихат пен оның органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      3) азаматтардың (сайлаушылардың) мәслихатқа жолдаған хаттарын, арыз-шағымдарын тіркейді және қарайды, депутаттардың назарына жеткізеді, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда олар бойынша жауап дайындайды;
      4) "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;
      5) Шымкент қалалық мәслихатының актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды әділет органдарына тіркеуге жолдайды;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Шымкент қалалық мәслихатының шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      7) Шымкент қалалық мәслихатының ic-жүргізу қызметін жүргізеді;
      8) мәслихат аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шымкент қалалық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
      21. "Шымкент қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
      7) аудан әкiміне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ұйымдастырады;
      8) өз қүзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) мәслихатының тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихаты атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) заңнамада белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      13) "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;
      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына және Шымкент қалалық мәслихатының шешiмдеріне сәйкес мiндеттердi жүзеге асырады;
      "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      22. "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қалалық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады