Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 57 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 3018 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 29.04.2016 № 148 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Арыс қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Хасеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкім С.Ертай

  Арыс қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 57 қаулысына қосымша

Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы жоқ.
      3. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі № 3, индекс 160100.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу туралы қағидаларын әзірлеп, бекіту үшін қала әкімдігіне ұсыну;
      2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      9) қала аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша қала әкімдігінің қаулысына сәйкес карантинді немесе шектеу iс-шараларын ұйымдастыру;
      10) қала аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша қала әкімдігінің қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтатуды ұйымдастыру;
      11) қала әкімдігіне бекіту үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін ұсыну;
      12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      15) ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      16) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      18) қала аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      21) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындап, қала әкімдігіне ақпарат беру;
      22) ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық есепке алып қала бойынша жинақталған ақпаратты облыстың жергілікті атқарушы органына жолдау үшін қала әкімдігіне мәлімет беру;
      23) қала әкімдігіне жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде қала әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі туралы мәліметті қала әкімдігіне беру;
      25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      26) қала әкімдігіне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныс енгізу;
      27) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 14.05.2015 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      29) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
      30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 14.05.2015 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, қала әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Арыс қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қоюды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Арыс қаласының "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
      1) Арыс қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арыс қаласының ветеринариялық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады