Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы 182 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3081 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 3 мамырдағы № 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 03.05.2019 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Арыс қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 544 "Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-119 тіркелген, 2011 жылдың 15 желтоқсандағы "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Ертай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Арыс қалалық аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы Т.Ағыбаев

      "13" наурыз 2015 жыл

  Арыс қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "13" наурыздағы
№ 182 қаулысына 1-қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

Р/с

Атауы

Мекен-жайы

1

"Теміржолсу-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арыс қаласы, Привокзальная көшесі нөмірсіз

2

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақдала ауылы, М.Мақатаев көшесі нөмірсіз

3

Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Байырқұм ауылы, Ш.Жұмабеков көшесі № 38/2

4

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дермене ауылы, Өркенді көшесі нөмірсіз

5

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жиделі ауылы, Нартай көшесі нөмірсіз

6

Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Қожатоғай ауылы, Майлықожа көшесі нөмерсіз

7

Арыс қаласы әкімдігінің "Арыс қалалық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев көшесі № 5

  Арыс қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "13" наурыз
№ 182 қаулысына 2-қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Р/с

Белгіленген орындар

Түрі

1

Арыс қаласы, Әл-Фараби және Ергөбек көшелерінің қиылысы

Тақта

2

Арыс қаласы, Төле би және Майлы қожа көшелелерінің қиылысы

Тақта

3

Арыс қаласы, Ергөбек көшесі, "Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы" алдына

Тақта

4

Ақдала ауылы, Амангелді көшесі мен Арыс-Дермене тасжолының қиылысы

Тақта

5

Байырқұм ауылы, Жұмабеков көшесіндегі аялдама жаны

Тақта

6

Дермене ауылы, ауылға кіре берісіндегі аялдама жаны

Тақта

7

Жиделі ауылы, Орталық көшесі

Тақта

8

Қожатоғай ауылы, Б.Шүкірбеков және С.Сейфуллин көшелелерінің қиылысы

Тақта

9

Монтайтас ауылы, Б.Онтаев және А.Құнанбаев көшелерінің қиылысы

Тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады