"Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 191 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 461 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қарашада № 3436 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 24.05.2016 № 214 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 191 "Бәйдібек ауданы әкімдігінің "Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3076 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы "Шаян" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ереженің 10 және 13 тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әбілдабекке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      Уақытша атқарушы: А.Темір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады