Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 93 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 наурызда № 3066 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 8 мамырдағы № 240 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 08.05.2019 № 240 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 502 "Үгіттік баспа материалдары орналасатын орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-8-116 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсандағы аудандық "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Сапарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ордабасы аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы төрағасы

      ____________________К.Сатқанбай

      "26" ақпан 2015 жыл

  Ордабасы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 93 қаулысына қосымша

Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Қ/с

Белгіленген орындар

Түрі

1

Бадам ауылы, Б.Момышұлы көшесіндегі Б.Омарованың дүкені

Тақта

2

Дербес ауылы, Асқарбеков Жасұланның "Нұрай" дүкені

Тақта

3

Мамыр ауылы, Тулебаев Мұраттың дүкені

Тақта

4

Ақбұлақ ауылы, ауылдық клуб

Тақта

5

Ордабасы ауылы, аялдама

Тақта

6

Бөген ауылы, "Эльзира" кафесі

Тақта

7

Қайнар ауылы, мектеп алдындағы аялдама

Тақта

8

Ұялыжар ауылы, "Еркетай ана" дүкені

Тақта

9

Теспе ауылы, ауыл ішіндегі панно

Тақта

10

Ықыластемір ауылы, "Мөлдір" дүкені

Тақта

11

Бірлік ауылы, орталық көше бойындағы дүкен

Тақта

12

Қалаш ауылы, Теміржол станциясы

Тақта

13

Жеңіс ауылы, мәдениет үйі

Тақта

14

Қарақұм ауылы, Жақыпова Тұрғанайдың дүкені

Тақта

15

Көктөбе ауылы, Мырзахметқызы Жәмиланың дүкені

Тақта

16

Қажымұқан ауылы, Тасболат Тоғжанкүлдің дүкені

Тақта

17

Ынталы ауылы, Қ.Бектаев мектебінің спорт залы

Тақта

18

Аманкелді ауылы, Еспенбетов Нұрланның дүкені

Тақта

19

Темірлан ауылы, Аманкелді атындағы орта мектебі, "Игілік" дүкені, "Сатыбалды ата" базары, "Ордабасы" сауда орталығы, "Кіші маркет"

Тақта

20

Ақпан ауылы, ауылдық кітапхана

Тақта

21

Ақжол ауылы, ауылдық клуб

Тақта

22

Жамбыл ауылы, Оразалыұлы Ырсалының дүкені

Тақта

23

Қараспан ауылы, Мырзаханова Жадыраның дүкені

Тақта

24

Төреарық ауылы, Тұрсынбаев Сейділләнің дүкені

Тақта

25

Көлтоған ауылы, фельдшерлік-акушерлік пункт

Тақта

26

Берген ауылы, Сүлейменова Райханның дүкені

Тақта

27

Батыр ата ауылы, Ділдәбек Айзаданың дүкені

Тақта

28

Төрткөл ауылы, мәдениет үйі

Тақта

29

Спатаев ауылы, Б.Тұрсынбековтың дүкені

Тақта

30

Қызылжар ауылы, С.Әбілхасовтың дүкені

Тақта

31

Елшібек батыр ауылы, ауылдық кітіпхана

Тақта

32

Көкарал ауылы, М.Батырбековтың дүкені

Тақта

33

Шұбар ауылы, Райымбек батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысындағы базар

Тақта

34

Аққойлы ауылы, фельдшерлік-акушерлік пункт

Тақта

35

Жусансай ауылы, Т.Исабек көшесі № 1 дүкен

Тақта

36

Сарытоғай ауылы, жоғарғы аялдама

Тақта

37

Береке ауылы, Жандарбеков көшесі "Құндызай" дүкені

Тақта

38

Тоқсансай ауылы, Қажымұқан көшесі Н.Махановтың дүкені

Тақта

39

Шұбарсу ауылы, ауылға кіре берістегі (автожанармай құю станциясына қарсы бетте) панно

Тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады