Сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы

Жаңартылған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42-281/V шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 мамырда № 3173 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

      1) Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 580,6 гектар жер учаскесі қосылып, Ақбұлақ ауылының шегі өзгертілсін;

      2) Ақсукент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 2783,5 гектар, оның ішінде: Ақсу ауылына 2672,9 гектар, Манкент ауылына 21,3 гектар, Чапаев ауылына 89,3 гектар жер учаскелері қосылып, Ақсу, Манкент және Чапаев ауылдарының шегі өзгертілсін;

      3) Арыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1041,2 гектар, оның ішінде: Қожақорған ауылына 786,1 гектар, Нұржанқорған ауылына 255,1 гектар жер учаскелері қосылып, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарының шегі өзгертілсін;

      4) Қарабұлақ ауылының шегінен 724,34 гектар суармалы егістік жер учаскесі шығарылып, Қарабұлақ ауыл округінің аумағындағы 724,34 гектар суарылмайтын егістік жер учаскесі Қарабұлақ ауылының шегіне қосылып шегі өзгертілсін;

      5) Қарамұрт ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1708,1 гектар, оның ішінде: Қарамұрт ауылына 1112,5 гектар, Низамабад ауылына 595,6 гектар жер учаскелері қосылып, Қарамұрт және Низамабад ауылдарының шегі өзгертілсін;

      6) Қарасу ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1941,5 гектар, оның ішінде: Ақбай ауылына 425,2 гектар, Қарасу ауылына 969,6 гектар, Әйтеке би ауылына 155,9 гектар, Ақбастау ауылына 134,8 гектар, Бескепе ауылына 55,9 гектар, Жаңатұрмыс ауылына 63,4 гектар, Береке ауылына 7,0 гектар, Ынтымақ ауылына 129,7 гектар жер учаскелері қосылып, Ақбай, Қарасу, Әйтеке би, Ақбастау, Бескепе, Жаңатұрмыс, Береке және Ынтымақ ауылдарының шегі өзгертілсін;

      7) Қайнарбұлақ ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1593,1 гектар, оның ішінде: Асыларық ауылына 220,5 гектар, Қасымбек Датқа ауылына 584,7 гектар, Құрлық ауылына 160,0 гектар, Ошақты ауылына 72,6 гектар, Сарыарық ауылына 81,0 гектар, Таскешу ауылына 187,2 гектар, Тоған ауылына 29,2 гектар, Шіркін ауылына 257,9 гектар жер учаскелері қосылып, Асыларық, Қасымбек Датқа, Құрлық, Ошақты, Сарыарық, Таскешу, Тоған және Шіркін ауылдарының шегі өзгертілсін;

      8) Көлкент ауылдық округі Қосбұлақ ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 111,28 гектар, М.Оразалиев ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 24,6 гектар жер учаскесі қосылып, Қосбұлақ, М.Оразалиев ауылдарының шегі өзгертілсін;

      9) Құтарыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 633,6 гектар, оның ішінде: Ақарыс ауылына 182,4 гектар, Құтарыс ауылына 284,1 гектар, Қызылжар ауылына 48,3 гектар, Оймауыт ауылына 118,8 гектар жер учаскелері қосылып, Ақарыс, Құтарыс, Қызылжар және Оймауыт ауылдарының шегі өзгертілсін;

      10) Манкент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 3465,6 гектар, оның ішінде: Манкент ауылына 3076,1 гектар, Аққала ауылына 389,5 гектар жер учаскелері қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін;

      11) Жібек Жолы ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 688,7 гектар, оның ішінде: Жібек Жолы ауылына 427,2 гектар, Машат ауылына 85,5 гектар, Сиқым ауылына176,0 гектар жер учаскелері қосылып, Жібек Жолы, Машат және Сиқым ауылдарының шегі өзгертілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 04.07.2018 № 30-205/VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров
      Сессия төрағасы А.Бурбеков
      Сайрам аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады