Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 90 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/335-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 мамырда № 3955 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қазандағы № 22-3 шешімі және Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 474 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы шешімге және қаулыға қосымшаға сәйкес Қабанбай ауылдық округінің, Қарасу ауылдық округінің жерлерін және босалқы жерлерді Тұғыл ауылдық округінің құрамына қосу жолымен шекараларын өзгертіп Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешім және қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Облыс әкімі
      А. Уразов Д. Ахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы
      Г. Пинчук

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 27/335-V шешіміне қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі № 90
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылдық округіне берілетін жерлердің экспликациясы

Берілетін жерлер

Барлық жерлер, га

Пайдаланатын бөгде жерлер

Бекітілген алаң

Барлық а/ш алқаптары

оның ішінде

Өзгелер

егістік
шабындық
жайылым
Қабанбай ауылдық округінің жерлері

55063

36

55027

50650

1232

__

49418

4377

Қарасу ауылдық округінің жерлері

1549

3

17124

1538

1167

__

371

8

Босалқы жерлер

17179

55

1546

16863

265

__

16598

261

Тұғыл ауылдық округі жерлерінің барлық аумағы

73791

94

73697

69051

2664

__

66387

4646

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады