2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормаларын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы N 147 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 маусымда N 4006 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 - бабы 2 - тармағының 12 - 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6 - 1 - бабының 18) тармақшасына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 - 2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормалары бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

      2015 жылғы "17" 06

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "16" маусымдағы
№ 147 қаулысына қосымша

2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) аймақтар бойынша және дақылдар бөлінісіндегі ең төменгі нормалары

р/с №

Дақыл

Аймақтар

1

2

3

4

5

2015 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын сатып алудың (пайдаланудың) 1 гектарға арналған ең төменгі нормалары, килограмм

1

Бидай

7,372

7,917

6,849

6,349

5,872

2

Арпа

13,112

14,178

12,092

11,119

10,192

3

Тары

0,227

0,236

0,209

0,193

0,177

4

Сұлы

4,845

5,144

4,462

4,099

3,754

5

Күздік қара бидай

15,745

17,066

14,481

13,676

12,502

6

Қарақұмық

1,447

1,585

1,317

1,195

1,079

7

Жүгері (будан)

31,2

32,5

29,9

28,6

27,3

8

Дәнді – бұршақты

27,124

29,048

24,489

21,991

19,633

9

Қытай бұршағы

0,870

0,949

0,795

0,724

0,679

10

Рапс

0,717

0,807

0,631

0,631

0,551

11

Мақсары

0,416

0,449

0,384

0,354

0,326

12

Зығыр

1,447

1,585

1,317

1,195

1,079

13

Күнбағыс (сорт)

0,542

0,627

0,463

0,390

0,323

Күнбағыс (будан)

7,8

7,8

7,8

7,8

7,8

14

Қыша, басқа майлы дақылдар

0,073

0,080

0,067

0,062

0,057

15

Картоп

278,787

301,990

258,744

239,085

220,867

16

Біржылдық шөптер

0,050

0,056

0,044

0,039

0,034

17

Дәнді көпжылдық шөптер

24,7

26

23,4

22,1

20,8

18

Бұршақты көпжылдық шөптер

24,7

26

23,4

22,1

20,8

      Ескерту: 1 (бірінші) аймақ – таулы шалғынды – далалы, таулы орманды - далалы,
      2 (екінші) аймақ – тау бөктерлі далалы,
      3 (үшінші) аймақ – қуаң далалы,
      4 (төртінші) аймақ – ұсақ шоқылы шөлейтті,
      5 (бесінші) аймақ – шөл далалы.
      Бірінші аймаққа Катонқарагай ауданы және Риддер қаласы кіреді.
      Екінші аймаққа Глубокое, Зырян, Шемонаиха, Көкпекті аудандары және Өскемен қаласы кіреді.
      Үшінші аймаққа Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Күршім, Ұлан, Үржар аудандары және Семей қаласы кіреді.
      Төртінші аймаққа Аягөз ауданы кіреді.
      Бесінші аймаққа Зайсан және Тарбағатай аудандары кіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады