"Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 "Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 13964 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 4290 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 3380 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 30.09.2020 № 3380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Жолаушылардың және багаждың қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобиль тасымалдарының маршрут желісі туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 1609 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2712 тіркелген, 2012 жылдың 15 қарашасында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының 23-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады