"Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 14090 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 4310 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 2188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 15.09.2016 № 2188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 4841 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3334 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 30 мамырында, 2014 жылдың 29 мамы-рында "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады