"Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 14343 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 ақпанда № 4394 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "30"_12_ № 14343
қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органы мен қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан заңнамамен, сонымен қатар осы Ережемен бекітілген құзыреті шегінде азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, пошталық индексі 070019.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Өскемен қаласы әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтылуын қамтамасыз ету.
      14. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Шығыс Қазақстан облысы және қала әкімі мен әкімдігінің, облыс және қала әкімі орынбасарларының, облыс және қала әкімінің аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қала әкімі мен әкімдігі қойған тапсырмаларды іске асыру бойынша заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдарының (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметін үйлестіру болып табылады.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) қала әкімі мен әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан қамтамасыз ету:
      әкімге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаланы дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде атқарушы органдардары қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
      қала әкімі мен әкімдігінің норма шығармашылық қызметінің талдауын, қала әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
      көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және мониторинг жүргізу;
      Өскемен қаласы әкімінің сайтын ақпараттық толтыру және жұмысын ұйымдастыру;
қала әкімі аппараты және оның құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жағдайын талдау;
      2) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету:
       қала әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс және қала әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, қала әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, қала әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
      қала әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;
      қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімінің аппарат басшысының ресми қабылдауларын, кездесулерін дайындау және ұйымдастыру;
      іс жүргізуді, оның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі қызметі бойынша жұмыстарды үйлестіру;
      қала әкімі, оның орынбасарлары, қала әкімі аппарат басшысының азаматтарды қабылдауының айлық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
      қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;
      облыс әкімі аппараты кадрларының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Аймақтық орталығында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында оқуын ұйымдастыру;
      жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
      қала әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, облыстың, қаланың атқарушы органдарымен, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
      қала әкімі және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес және алдын алу,қала аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
      жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарын дамыту және сүйемелдеу;
      Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" қалыптастыру жөніндегі заңнамасын орындау аясында жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      қала әкімінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
      3) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету:
      қала әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі аппаратының сот және өзге де құқық қорғау органдарында мүддесін ұсыну және қорғау;
      қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша қала әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
      қала әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының құқықтық сараптамасын ұйымдастыру;
      4) қала әкімі мен әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
      қала әкімі мен әкімдігінің, қала әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органдарына ішкі бақылау жүргізу;
      2) қала әкімінің, оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін атқарушы орган басшыларының жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) атқарушы органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру сұрақтары бойынша жетілдіру жұмысына ұсыныстар енгізу;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын мекемен қызметінің мәселелерін шешеді:
      2) белгіленген тәртіпте мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақырады;
      3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      4) мекеменің мүддесін барлық ұйымдарда ұсынады;
      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
      6) заңнамамен көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады