Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуiрдегi № 29/154-V "Семей қаласы мәслихатының регламентiн бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 43/238-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда № 4082 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/63-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.11.2016 № 8/63-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10 бабының 2-тармағына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 сәуiрдегi № 29/154-V "Семей қаласы мәслихатының регламентiн бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3346, 2014 жылғы 30 мамырдағы № 42 "Семей таңы", "Вести Семей", "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Семей қаласы мәслихатының регламентiнде:
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы А. Арғынбекова
      Қалалық мәслихатының
      хатшысы Б. Ақжалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады