"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қазандағы № 1018 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 қарашада № 4234 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 03.05.2016 № 338 қаулысымен (қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 2016 жылғы 18 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Риддер қаласы әкімінің
      міндеттерін атқарушы С. Харченко

  Риддер қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "09" қазан №1018
қаулысымен бекітілді

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 
      2. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Семипалатинск көшесі, 10, индексі 071300.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы тұлғасында "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 
      12. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 
      13. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері және құқықтары

      14. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
      15. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
      3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін тарату, қазақ халқының және республикамыздағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
      16. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйым-дастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олары орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінде қолдау және ықпал көрсету;
      6) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
      8) қалалық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      10) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
      12) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      14) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізу;
      15) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      16) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      17) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
      18) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      19) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      20) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат ныса-нында оқытуға рұқсат беру;
      21) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      22) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
      23) белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығын-сыз қалған балаларды есепке алу және оларды одан әрі ұстау, тәрбиелеу, оқыту және мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыру;
      24) заңнамамен белгіленген тәртіпте кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
      25) патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлеу;
      26) отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік мәселелеріне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына және балаларды үйде оқытуға басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
      27) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің норма-тивтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан және олардың лауазымдық тұлғаларынан өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
      2) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзырына жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      3) өзінің құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына жататын тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, қалада өткізілетін іс-шараларға қатысу;
      4) құзырында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметті жүзеге асыру;
      6) мекеме әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. " Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасары болмайды.
      21. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. " Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі қала әкімдігімен тапсырылған мүлік есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Риддер қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

      1) "№ 1 лицей – мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Экономикалық мектеп – лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Дінмұхамед Қонаевтың атындағы "№ 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "№ 5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "№ 9 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Мектеп - гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "№ 12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "№ 14 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "№ 16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "№ 17 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "М. Горький атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "Шаңырақ" көп салалы мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "Поперечное а. негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Бутаково а. негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Оқу – тәрбиелік және сауықтыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Клубничка" № 21 балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады