"Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы № 36/15-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 қарашада № 4217 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 маусымдағы № 3/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 08.06.2016 № 3/3-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 20/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3309 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2014 жылғы 11,18 маусымдағы № 48,50 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Бесқарағай аудандық мәслихатының регламентінде:
       7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы В.ХАРЧЕНКО
      Бесқарағай аудандық
      мәслихатының хатшысы Қ.САДЫҚОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады