Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 3794 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ф. Сатаева
      Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов

  Глубокое аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
25 ақпандағы № 33/2-V
шешіміне 1 қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тұрғын үй Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Глубокое ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының Глубокое аудандық мәслихаты белгілеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес пайдалы алаң, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау аудан бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың, қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.

  Глубокое аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
25 ақпандағы № 33/2-V
шешіміне 2 қосымша

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 22.10.2022 № 25/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Глубокое аудандық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-135 болып тіркелген), 2010 жылғы 17 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      2. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 28/11-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-143 болып тіркелген), 2011 жылғы 1 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      3. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 4/15-ІV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-158 болып тіркелген), 2012 жылғы 24 сәуірде "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      4. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 20 қарашадағы № 10/4-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2786 болып тіркелген), 2013 жылғы 18 қаңтарда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      5. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 12 қарашадағы № 20/3-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3110 болып тіркелген), 2013 жылғы 20 және 24 желтоқсанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      6. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 1 ақпандағы № 23/2-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3194 болып тіркелген), 2014 жылғы 18 наурызда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      7. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3466 болып тіркелген), 2014 жылғы 12 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.
      8. Глубокое аудандық мәслихатының "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 32/7-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3656 болып тіркелген), 2015 жылғы 6 ақпанда "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады