"Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 152 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 3916 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 11.05.2016 № 158 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Глубокое ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "30" наурыз
№ 152 қаулысымен бекітілген

"Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1."Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Глубокое ауданы аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2.Ветеринария бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Ветеринария бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Ветеринария бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Ветеринария бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Ветеринария бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Ветеринария бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070500, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубоке ауданы, Глубокое кенті, Пирогов көшесі, 6.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже ветеринария бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11."Глубокое ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Глубокое ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. Ветеринария бөлімінің қызметін қаржыландыру Глубокое ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Ветеринария бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен ветеринария бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Ветеринария бөлімінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Ветеринария бөлімінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Ветеринария бөлімінің міндеттері:
      1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Глубокое ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      17. Ветеринария бөлімінің функциялары:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады; 
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
      3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады; 
      4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді;
      5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді;
      6) Глубокое ауданының шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді;
      8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
      9)Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      iшкi сауда объектiлерiнде;
      жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;
      10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды;
      12) Глубокое ауданының аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      13) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
      14) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
      16)"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
      17)жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      18. Ветеринария бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде ветеринария бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) ветеринария бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Ветеринария бөлімін басқару ветеринария бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Ветеринария бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Глубокое ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Ветеринария бөлімі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария бөлімнің қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) ветеринария бөлімі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ветеринария бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Глубокое ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде ветеринария бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Ветеринария бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Ветеринария бөлімнің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, ветеринария бөлімнің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Ветеринария бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органның басқаруындағы ұйымдардың тізілімі

      26. "Глубокое ауданының "Ветеринария қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады