2016 жылға Зайсан ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы N 674 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда N 4354 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № 266 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Зайсан ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жазғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      15) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
      16) мектептерді, кәсіби оқу орындарын бітірген түлектер;
      17) "Зайсан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      18) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының қатысушылары;
      19) отбасында бірде бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
      20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      21) 50 жастан асқан әйелдер;
      2. "Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Зайсан ауданының әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Сапарғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Оңдақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады