"Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы N 35 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда N 3706 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 17.05.2016 № 157 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Зырян ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 2780 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3619 тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 04 жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 35 қаулысымен
бекітілді

"Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Зырян ауданы аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Академик Арықтай Қайыпов көшесі, 54.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: Зырян ауданы аумағында білім, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
      15. Бөлімнің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздер мен мемлекеттiк тiлдi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
      5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
      6) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;
      7) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;
      8) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      9) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
      10) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.
      16. Бөлімнің функциялары:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      5) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      6) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      7) аудан (қала) ауқымында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi;
      8) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      10) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізу үшін жергілікті атқарушы органның шешімнің жобасын әзірлейді;
      11) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      12) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
      13) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс беруiн және солармен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      15) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
      16) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
      17) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      18) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасау бойынша шаралар қабылдайды;
      19) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      20) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      21) Зырян ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;
      22) Зырян ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      23) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
      24) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
      25) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
      26) Зырян ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      27) Зырян ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
      28) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
      29) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      30) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
      31) Зырян ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;
      32) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      33) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
      34) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 05.05.2015 N 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Зырян ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Зырян ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың тізбесі

      1) "Зырян қаласының № 6 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Зырян қаласының № 7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3) "Зырян қаласының № 8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) "Зырян қаласының № 9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) "Зырян қаласының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) "Зырян қаласының мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) "Серебрянск қаласының № 4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) "Серебрянск қаласының М.В. Инюшин атындағы № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) "Серебрянск қаласының № 2 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) "Зырян қаласының № 1 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) "Зырян қаласының № 2 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) "№ 1 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) "№ 2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) "Октябрьск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) "Первомайское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      16) "Зубовск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) "Маяк орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18) "Бородино орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      19) "Никольск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      20) "Чапаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      21) "Тұрғұсын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      22) "Парыгин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      23) "Соловьев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      24) "Средигорное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      25) "Первороссийское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26) "Киров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      27) "Шірікқайың негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      28) "Леснопристань орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      29) "Путинцево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      30) "Быково негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      31) "Кремнюха негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      32) "Подорленок негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      33) "Новокрестьянка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      34) "Васильевка негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      35) "Дородница негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      36) "Северное негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      37) "Крестовка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      38) "Снегирево бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      39) "Александровка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      40) "Андреевка бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      41) Зырян ауданы әкімдігінің "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      42) "Зырян ауданының №10 "Ладушки" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      43) "Зырян ауданының №14 "Катюша" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      44) "Серебрянск қаласының №7 "Салтанат" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      45) "Зырян ауданы әкімдігінің "Сказка" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      46) "Зырян ауданы әкімдігінің "Радуга" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      47) "Зырян ауданы әкімдігінің "Қарлығаш" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      48) Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      49) Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Серебрянск қаласының балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      50) Зырян ауданы білім беру бөлімінің "Жас натуралистер станциясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      51) Зырян ауданы әкімдігінің "Болашақ" балалар бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      52) Зырян ауданы әкімдігінің "Зырян қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      53) Зырян ауданы әкімдігінің "Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады