"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы N 205 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде N 4056 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 209 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 10.06.2016 № 209 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39–бабы 2–тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім
      ауданының әкімі А. Сеитов

  Күршім ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "29" 06
№ 205 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамасыз сету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       6. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 071200, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі № 23 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етеді (Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 1 бабының 2) тармақашасына сәйкес).
      14. Міндеттері:
      Аудан әкімдігі мен аудан әкімінің қызметтерін:
      1) ақпараттық-талдау;
      2) ұйымдық – құқықтық;
      3) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады (2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 38 бабының 1 тармағы).
      15. Функциялары:
      1) аудан әкімі мен әкімдігіның ауданды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, ауданның бюджетін, олардың орындалу жоспарларын әзірлеудегі қызметін үйлестіру, бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындау;
      2) аудан әкімі мен әкімдігінің облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдермен, облыстық атқарушы органдармен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстық бірлестіктермен, саяси партиялармен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру;
      3) аудандағы атқарушы органдардың, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарындағы атқарушылық тәртіптің жалпы деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      4) аудан әкіміне әкімдік жұмысының жоспарларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      5) аудан әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудандағы атқарушы органдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін орындау жөніндегі жұмысын тексеруді ұйымдастыру, жұмыста орын алған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау және қажет болған жағдайда әкімдіктің отырыстарына мәселелер енгізу;
      6) ауданның ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ атқарушы органдарына олардың жұмыс әдісі мен тәсілін жетілдіруге тұрақты әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
      7) ауданда сайлау органдарының референдумдар мен сайлауларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      8) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі өткізетін кеңестерді, әкімнің басқа да іс- шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық жағынан қамтамасыз ету;
      9) әкім мен әкімдік атына түсетін қызметтік корреспонденция бойынша іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, аудан әкімінің, әкімдігінің, әкім орынбасарларының тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін атқарушыларға дейін жеткізу, орындалуына қадағалау жасау;
      10) азаматтардың өтініштері мен келушілерді қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      11) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      12) қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
      13) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      14) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасауға қатысу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімінің, оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
      2) ауданның ауылдық округтері әкімдерінен, атқарушы органдарынан, ұйымдарынан аудан әкімі мен әкімдігінің жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттар мен басқа да анықтамалық материалдар сұрауға;
      3) тиісті лауазымды тұлғалардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сондай-ақ оларға аудан әкімі аппаратының құзырына енетін мәселелер бойынша орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
      4) аудан атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларын "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережелеріне сәйкес ынталандыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы әкімге ұсыныстар енгізуге;
      5) ағымдағы Заңнама талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруғу.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне аппарат басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшының өкілеттігі:
      1) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республимкасының Заңымен белгіленген тәртіпте Е-4 санаттарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін және аудан әкімі аппаратының жұмысын техникалық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге заңмен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолдану жөнінде әкімге ұсыныс енгізеді;
      4) аудан әкімінің аппараты бойынша бұйрық шығарып, қол қояды;
      5) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) аудан әкімінің аппараты атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;
      7) заңнамаға сәйкес басқа өкілдікті іске асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады