2016 жылға Күршім ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы N 354 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда N 4278 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 146 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 20.04.2016 N 146 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата- аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші- заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;
      15) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар;
      16) мектептерді, кәсіби оқу мекемелерін бітірген түлектер;
      17) "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      18) Халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сай кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған жұмыссыздар;
      19) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;
      20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      21) 50 жастан асқан әйелдер;
      22) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар, есірткіге тәуелді адамдар;
      23) өнімсіз еңбекпен айналысқан өзін-өзі қамтыған халық;
      24) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы М.Қалелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады