Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағиданы бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 24-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 3694 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 52-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-7 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 4-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Осы шешімге 1- қосымшаға сәйкес "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағида" бекiтiлсiн.
      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Қалымбеков
      Тарбағатай аудандық
мәслихат хатшысы
М.Мағжаев

  Тарбағатай
аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 24-2 шешіміне №1 қосымша

Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағида
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 4-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар;
      2) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      3) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн болашақта жүргізілетін күрделi жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
      4) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      5) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін, жергілікті атқарушы орган көрсетеді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 4-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш бере алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 08.07.2016 № 4-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Тұрғын үй көмегі тоқсандағы құжат өткізген уақытына қарамастан тоқсан сайын көрсетіледі және тоқсанға тағайындалады. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі, қажетті құжаттар тізбесімен қоса өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      6-1. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.
      Ескерту. Шешім 6-1-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
      7. Тұрғын үй көмегі:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген; 
      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген отбасыларға көрсетілмейді.
      8. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
      9. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
      10. Тұрғын үй көмегiн алушылар 10 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң кез-келген өзгерiстерi туралы хабардар етедi.
      11. Тұрғын үй көмегiнiң негiзсiз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi

      12. Тұрғын үй көмегi отбасының (азаматтардың) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу шығындарының сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілетті органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде келесi нормалар есепке алынады:
      1) тұрғынжайдың жалпы алаңы:
      жалғыз өзі тұратын азаматтар үшiн - 30 шаршы метр,
      екi адамнан тұратын отбасы үшiн - 36 шаршы метр,
      үш адамнан тұратын отбасы үшiн - 54 шаршы метр,
      төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшiн - әр отбасы мүшесіне 18 шаршы метрден, бiрақ 90 шаршы метрден аспау керек;
      2) бір айда электр қуатын тұтыну нормасы:
      жалғыз өзі тұратын азаматтар үшін - 90 киловатт,
      екі адамнан тұратын отбасы үшін- 135 киловатт,
      үш адамнан тұратын отбасы үшін-180 киловатт,
      төрт және одан көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына 50 киловаттан, бiрақ 280 киловаттан аспауы керек.
      3) көгілдір отын шығындары:
      жер үй-жайларда тұратын отбасылар үшін – айына бір баллон;
      15. Тұрғынжайдың жалпы алаңының 1 шаршы метріне көмiрдiң шығыны – 129,8 килограмм, бiрақ бiр үйге 5000 килограммнан артық емес.
      16. Сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқысты әкету, лифт қызметі және телекоммуникациялық қызметтер үшін шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтерімен ескеріледі.
      17. Тас көмiрдiң құнын есептеу үшiн Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ұсынған аудан бойынша тұрғын үй көмегi есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсандағы тас көмірдің орташа бағасы алынады.
      18. Иелері өздері жылытатын тұрғын үйде (ғимаратта) отынның тас көмірден басқа түрлері қолданылса, тұрғын үй көмегін есептеген кезде олардың құны мен шығын нормасы тас өмiрдiң құнына балама есептеледi.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      19. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      20. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Тарбағатай
аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 24-2 шешіміне №2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:

      1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3-6 "Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 14 мамырдағы 5-16-129 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тарбағатай" газетінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 46 санында жарияланды);
      2) Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-11 "Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірдегі 3261 нөмірімен тіркелген, аудандық " Тарбағатай" газетінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 38-39 санында жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады