Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 29-342/V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 3682 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 46-510/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 15.11.2019 № 46-510/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралыр" № 512 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.09.2018 № 32-341/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Үржар аудандық мәслихаты шешімдерінің күші 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г.Горковенко
      Үржар аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Бітімбаев

  Үржар аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29-342/V шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.09.2018 № 32-341/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді.

      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – "Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      3. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледі.

      Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер "Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерді, олардың өзгерістерін ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қызмет көрсетушілер ұсынған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде есепке алынады.

      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын ұй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін уәкілетті орган көрсетеді.

      5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) портал арқылы өтініш береді және Ереженің 4 тармағына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      9. Ереженің 4 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      11. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      12. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      14. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады.

      15. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.

      16. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.

      18. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейтін отбасылар:

      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;

      2) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған;     

      3) егер ата-аналары ажырасқан болса және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап арыз бермеген;

      4) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалар.

      19. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      20. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсету-шiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.

      21. Жылу энергиясын тұтынуды үйге ортақ есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары шегінде анықталады.

      22. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз етуді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.     

      23. Үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған жағдайда жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.

      24. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).

      25. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:

      1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекен - жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;

      2) өтініш берушінің үйінде ата - ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, баланың ата - анасының табыстары есептеледі.

      26. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.

      Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапты болады.

      27. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      28. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      29. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 15 % мөлшерiнде белгiленедi.

      Тұрғын үй көмегін есептеген кезде, иелері өздері жылытатын тұрғын үйде (ғимаратта) отынның тас көмірден басқа түрлерін қолданса, олардың құны мен шығын нормасы тас көмірдің құнына балама есептеледі.     

      30. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:

      1) алаң нормалары:

      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 18 ш.м.;

      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 27 ш.м.;

      3 адамнан тұратын отбасы үшін – 36 ш.м.;

      4 адамнан тұратын отбасы үшін - 45 ш.м.;

      5 немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін –54 ш.м.;

      2) кондоминиумның ортақ мүлігін пайдалануға шығыстар – 1 ш.м. 30 тенге;

      3) электр қуатын тұтыну нормалары:

      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 52 квт;

      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 72 квт;

      3 адамнан тұратын отбасы үшін – 100 квт;

      4 адамнан тұратын отбасы үшін - 120 квт;

      5 немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін –130 квт;

      4) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 ш.м. көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      31. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      32. Осы Қағидалар мен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыс-тағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Үржар аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29-342/V шешіміне
2 қосымша

Үржар аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 10 қазанында 2699 нөмірімен тіркелген, аудандық "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 90-91 санында жарияланды), соның ішінде:
      1) Үржар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 наурыздағы № 11-103/V "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 04 сәүірінде 2923 нөмірімен тіркелген, аудандық "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2013 жылғы 11 сәүірдегі № 35 санында жарияланды);
      2) Үржар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 22-211/V "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 16 қаңтарында 3168 нөмірімен тіркелген, аудандық "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2014 жылғы 30 қаңтарындағы № 14-15 санында жарияланды);
      3) Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы № 23-234/V "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6-53/V шешімге өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 17 наурызында 3204 нөмірімен тіркелген, аудандық "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінің 2014 жылғы 03 сәүіріндегі № 42-43 санында жарияланды).
      2. Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-328/V "Үржар ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаcын бекіту туралы".

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 января 2015 года № 29-342/V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 февраля 2015 года № 3682. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 ноября 2019 года № 46-510/VI

      Сноска. Утратило силу - решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15.11.2019 № 46-510/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула - в редакции решения Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.09.2018 № 32-341/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Утвердить Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи согласно приложения № 1.
      2. Признать утратившими силу решения Урджарского районного маслихата согласно приложения № 2.
      3.Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г.Горковенко
      секретарь Урджарского
районного маслихата
М.Бытымбаев

  Приложение № 1
к решению Урджарского
районного маслихата
от 22 января 2015 года
№ 29-342/V

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи

      Сноска. Правила - в редакции решения Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.09.2018 № 32-341/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      1. Основные термины и понятия, используемые в правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи:

      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах.

      2) совокупный доход семьи (гражданина) – общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      4) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района Восточно-Казахстанской области";

      5) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      6) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      3. Поставщики коммунальных услуг представляют в ГУ "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Урджарского района" (далее – уполномоченный орган) тарифы на коммунальные услуги, их изменения, согласованные с уполномоченным органом по регулированию естественных монополий и защите конкуренции. При расчете жилищной помощи учитываются потери тепла, предъявляемые услугодателями, в пределах социальных норм площади жилья.

      Для расчета стоимости угля используются средние цены по району, представляемые областным управлением координации занятости и социальных программ по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      4. Государственную услугу "Назначение жилищной помощи" оказывает уполномоченный орган.

      5. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в "Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      6. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      7. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и (или) посредством портала и представляет перечень документов согласно пункту 4 Правил.

      8. При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      9. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      10. В случае обращения через портал, услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      11. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      12. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      13. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      14. При первичном обращении жилищная помощь назначается с месяца, в котором подано заявление с необходимым перечнем документов.

      15. При обращении заявителя за назначением жилищной помощи ежеквартально, жилищная помощь назначается за квартал, независимо от времени представления документов в квартале обращения. В случае если документы за предшествующий квартал не представлялись, начисление жилищной помощи осуществляется с месяца обращения.

      16. Семьям (гражданам), проживающим в индивидуальных жилых домах с местным отоплением, жилищная помощь назначается один раз в год за квартал независимо от месяца обращения.

      17. Документы для назначения жилищной помощи принимаются до 25 числа последнего месяца текущего квартала.

      18. Жилищная помощь не оказывается семьям:

      1) имеющим на праве собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающим жилые помещения в наем;

      2) имеющим в составе лиц, состоящих в законном браке, которые не знают (не указывают) местонахождение отсутствующего супруга и не обращались по этому вопросу в правоохранительные органы;

      3) если родители разведены и не подали иск о взыскании алиментов на проживающих с ними детей;

      4) имеющим в составе трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе по вопросам занятости.

      19. Семьи, в которых безработные члены семьи без уважительных причин отказались от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучении или переобучении, теряют право на получение жилищной помощи до возобновления трудоустройства, обучения и переобучения.

      20. Расходы на содержание жилого дома (жилого здания), электроснабжение, газоснабжение, обслуживание лифтов учитываются средние за квартал, предшествующий кварталу обращения. Расходы за водоснабжение, водоотведение, теплоэнергию, вывоз твердых бытовых отходов, услуги телекоммуникаций учитываются по тарифам услугодателей.

      21. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих общедомовые приборы учета потребления тепловой энергии, определяются по фактическим затратам за предшествующий квартал, в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета.

      22. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления холодного и горячего водоснабжения, газоснабжения, определяются по фактическим затратам за предшествующий квартал в пределах установленных тарифов.

      23. В случае отсутствия в домах централизованного отопления, размер оплаты за отопление и горячее водоснабжение рассчитывается из начисленной суммы за электроэнергию в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета и установленных тарифов на горячее водоснабжение.     

      24. С целью поддержки семей, в состав которых входят пенсионеры, инвалиды, дети-инвалиды, сироты, опекаемые, четверо и более несовершеннолетних детей, при расчете жилищной помощи доход корректируется (уменьшается) на два месячных расчетных показателя, установленного на соответствующий период времени бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      25. При назначении жилищной помощи применяются следующие условия:

      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу – учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;

      2) у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого не лишены родительских прав и прописаны в другом месте – учитываются доходы родителей ребенка.

      26. Получатели жилищной помощи в течение 10 рабочих дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, состава семьи, ее совокупного дохода и статуса.

      Заявители несут ответственность за достоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке.

      27. Необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

3. Размер жилищной помощи и нормативы содержания жилища и потребления коммунальных услуг

      28. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.

      29. Доля предельно допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 15%.

      При расчете жилищной помощи, норму расхода и стоимость другого вида топлива, используемого для местного отопления собственником жилого дома (жилого здания) считать эквивалентной норме расхода и стоимости каменного угля.

      30. При расчете размера жилищной помощи учитываются следующие нормы:

      1) нормы площади:

      для одиноко проживающих граждан – 18 кв.м;

      для семьи из 2-х человек – 27 кв.м;

      для семьи из 3-х человек – 36 кв.м;

      для семьи из 4-х человек - 45 кв.м;

      для семьи из 5-х и более человек - по 54 кв.м;

      2) расхода на эксплуатацию общего имущества объекта кондоминиума - 30 тенге за 1 кв.м.;

      3) нормы потребления электроэнергии:

      для одиноко проживающих граждан – 52 квт;

      для семьи из 2-х человек – 72 квт;

      для семьи из 3-х человек – 100 квт;

      для семьи из 4-х человек – 120 квт;

      для семьи из 5-х и более человек - по 130 квт;

      4) расхода угля на 1 кв.м. общей площади жилого домостроения – 129,8 кг, но не более 5000 кг на дом.

4. Выплата жилищной помощи

      31. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня, путем зачисления на лицевые счета получателей.

5. Заключительные положения

      32. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение № 2
к решению Урджарского
районного маслихата
от 22 января 2015 года
№ 29-342/V

Перечень решений Урджарского районного маслихата признанных утратившими силу

      1. Решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V"Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 10 октября 2012 года за номером 2699, опубликовано в районной газете "Уақыт тынысы/Пульс времени" от 18 октября 2012 года №90-91), в том, числе:
      1) решение Урджарского районного маслихата от 05 марта 2013 года № 11-103/V"О внесении дополнений в решение от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 04 апреля 2013 года за номером 2923, опубликовано в районной газете "Уақыт тынысы/Пульс времени" от 11 апреля 2013 года № 35);
      2) решение Урджарского районного маслихата от 23 декабря 2013 года № 22-211/V"О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 16 января 2014 года за номером 3168, опубликовано в районной газете "Уақыт тынысы/Пульс времени" от 30 января 2014 года № 14-15);
      3) решение Урджарского районного маслихата от 20 февраля 2014 года № 23-234/V"О внесении изменений в решение Урджарского районного маслихата от 25 сентября 2012 года № 6-53/V "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 17 марта 2014 года за номером 3204, опубликовано в районной газете "Уақыт тынысы/Пульс времени" от 03 апреля 2014 года № 42-43).
      2. Решение Урджарского районного маслихата от 23 декабря 2014 года № 28-328/V"Об утверждении правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Урджарского района".