Байланыс формасы

"Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бас прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10341 тіркелді

      Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасының жекелеген нормаларын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы тамыздағы № 875 Жарлығымен сәйкестендіру және мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізуді және пайдалануды одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидасына (бұдан әрі – Қағида):
      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Алғашқы есепке алу карточкасын жүргізу»;
      36181925-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өз құзіреттерінің шегінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитетке уақытылы ұсынып отыруға міндетті.»;
      «6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) адамды жағымсыз себептермен қызметтен босату дерегі бойынша адамның қызметтен босатылған, әскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамындағы тізімнен алынып тасталған кезден бастап 3 жұмыс күнінің ішінде адамды жағымсыз себептермен қызметтен босату туралы бұйрықтың көшірмесін қоса отырып, осы Қағиданың 1-қосмышасына сәйкес, жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды есепке алудың №1-ЖС нысанды карточкасын (бұдан әрі – карточка) 2 данада аумақтық басқармаларға қояды.»;
      «18. Есепте тұруы бойынша тексеруге мемлекеттік қызметке, әскери қызметке, құқық қорғау қызметіне және арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қабылдануға үміткер адамдардың барлығы жатады.»;
      «19. Адамдар туралы ақпаратты талап ету Комитетке және оның аумақтық органына әрбір тексерілетін адамға жеке-жеке ресімделген талапты жіберу арқылы жүргізіледі.
      Бланкілер нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртібі, сондай-ақ орындау мерзімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың белгіленген қағидасына ұқсас.
      Бұл ретте, талапта тексерістің мақсаты, негізі көрсетіледі.».
      «25. Сұрау салу бойынша Комитеттің орталықтандырылған есебінде бар тексерудегі адамды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босату туралы мәліметтер ұсынылады.
      Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адам туралы мәліметтер бар болғанда тексеріс болатын күнде күші бар («белсенді» статусы бар) мәліметтер көрсетіледі.
      Тексерудегі адам туралы мәліметтер есепте болмаған жағдайда, сұрау салу қағазының келесі бетінде «Мәліметтер жоқ» баспа-таңбасы бар мөртаңба, сұрау салудың тексерілген күні, сұрау салуды тексерген қызметкердің қолы қойылады. Тексерудегі адамды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босату туралы мәліметтер орталықтандырылған есепте бар болған жағдайда, олар сұрау салу қағазының келесі бетінде «ААЖ № ____» (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) мөртаңбасын, тексерген күнін, тексерген қызметкердің қолын көрсету арқылы бейнеленеді.».
      Қағиданың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Бас Прокурорының м.а.                      И. Меркель

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының м.а.
2014 жылғы 20 ақпандағы
№ 37 бұйрығына   
1-қосымша       

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
себептермен босатылған адамдарды
арнайы есепке алу ісін жүргізу
және пайдалану қағидасының 
1-қосымшасы         

                                                                Нысан

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған
адамдарды есепке алу карточкасы
(№ 1-ЖС Нысаны - органның кадр қызметімен қалыптастырылады)

1. __________________________________________________________________                           (органның атауы)
2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік
қызметкер.
2.1. Жасады: әкім, сот, сот органдарының қызметкері.
құқық қорғау органдары қызметкерлерімен: прокуратура, ІІМ, ІІМ өртке қарсы қызметі; экономикалық тергеу қызметі КГД МФ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АДГСиПК;
мынадай органдар қызметкерлерімен: ҰҚК, мемлекеттік күзет қызметі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі;
мынадай органдардың әскери қызметшілерімен: ҚМ, ҰҚК Шекара қызметімен, әскери прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, әскери полиция;
министрліктер қызметкерлерімен: әділет (16), қаржы (17), ҚМ Салық комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылығы (20), сыртқы істер (21), мәдениет және спорт (51), ұлттық экономика (52), инвестициялар және даму жөніндегі (53), денсаулық сақтау және әлеуметтік даму (54), энергетика (55);
агенттіктер қызметкерлері: мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (35).
әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (41), басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері (42).
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазқстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы: 5 т.т.- осы судьяға қатысты айыптау үкімінің заңды күшіне енуі (11), 11-т.т. судьяның кәсіби жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сәйкес келмейтәні туралы, судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі (12).
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын 27-бабы 1-т: - 3 т.т. – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі (1), 4 т.т.- «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы (2), 5 т.т.- меншік құқығымен тиеселі мүлікті сенім білдірілген басқаруға бермеуі (3), 7т.т. –сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы (4), 7-1) т.т. –қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi (5), 7-2) т.т.- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан шығарылған адамды, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;
қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстар туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ең төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; (6), 7-3) т.т. – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;, (7), 7-4) т.т. – мемлекеттік қызметке кіру кезінде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттар мен мәліметтерді беруі (8).
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы: - 1т 12 т.т.– қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін; (20), 12-1) т.т.- аумақтық құқық қорғау органының басшысы - қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына;
азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарыда көрсетілген бөлімінде көзделген конституциялық құқықтарын бұзумен байланысты тәртіптік теріс қылықтардың ұдайы жасалуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін - (9), 13) т.т. – құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін - (21), 14-т.т.- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты- (33), 15) т.т. – қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты -(34) 16) т.т. – «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермеу немесе бұрмалау (35).
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы: - 1-т 13) т.т – әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылуы (22): 1- қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі - (23); 2- қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы - (24); 3-Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру (25); 4-әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге үшырататын заттарды тұтыну (26); 5-денсаулық жағдайы бойынша және отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу (27); 6-әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы (28); 7-педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу (29); 8-әскери қызметшінің ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы (30); 9-әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы (31); 10-ақшалай қаражатпен немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық) тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса (32); 11-мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы (33); 12-Қазақстан Республикасының еңбек және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында айқындалған жағдайлар (34).
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы ҚР Заңының 51-бабы 14-т.-қызметкерлерді теріс себептер бойынша шығару: - 1) т.т. қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы, алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ мамандырылған медециналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға, оның ішінде ара-тұра пайдалануға медециналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару (36); т.т.2) қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану (37); т.т. 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу (38); т.т 4) қызмет жағдайын пайдалана отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу (39); т.т.5) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы - (40); т.т. 6) тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкерлердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы (41); т.т.7) тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы (42); т.т.8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату (43); т.т. 9) бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау (44); т.т.10) Қазақстан Республикасының еңбек және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларында айқындалған жағдайларда жүргізіледі (45).
4. Бұйрық (шешім) № __________ "____" __________________ 20 __ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған адам туралы мәліметтер

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ (ол болған жағдайда)




7. Туған күні "____" __________________ 19 ____ ж.
8. Туған жері _____________________________________
9. Тұрғылықты (тіркелген)
мекенжайы ___________________________________________________________
9.1 Жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны ______________________________________________________
11. Лауазымы ________________________________________________________
12. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы _______________
_____________________________________________________________________
13. Толтырған күні "____" _________________ 20____ ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "_____" __________ 20 ____ ж.
    Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама)
№ ___________________________________________________________________
15. Аймақтық басқарманың қызметкері
_____________________________________________________________________
                    (лауазымы, тегі, қолы)

Примечание: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған адамдар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін белгіленген заңнамалық тәртіпте жауаптылыққа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады