"Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 3786 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.09.2016 № 295 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (М. Л. Тоқжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 20 қаңтардағы № 18
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С. Есқалиев көшесі, 84.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.03.2016 № 50 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
      15. Міндеттері:
      жануарларды аурулардан қорғау;
      халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер бөлігінде облыстық бюджеттің жобасына оны әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізу және оның орындалуын жүзеге асыру;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      3) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы қаулы жобасын дайындау;
      5) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы қаулы жобасын дайындау;
      6) Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
      7) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      12) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      14) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      15) облыс аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      16) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      17) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      18) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      19) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      21) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      22) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      23) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      24) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      25) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      26) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы қаулы жобасын дайындау;
      27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін басқа да атқарушы билікпен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асыру;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардан (сұратулар негізінде) қажетті ақпараттық материалдарды алу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
      4) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;
      5) басқа да ұйымдардың, басқармалардың және ведомстволардың мамандарын облыстың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін тарту;
      6) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс жасау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      11) "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады