"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда № 3799 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.04.2017 № 103 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. М. Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
      3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы көшесі, 5/1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      14. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануды реттеу және қамтамасыз ету, Батыс Қазақстан облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану тиімділігін арттыру және қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау.
      15. Міндеттері:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, облыс аумағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      2) су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және оларды қорғау жөнiндегi шаралар;
      3) ормандарды, жануарлар дүниесiн күзетуді, қорғауды, өсiмiн молайтуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      4) өз құзыреті шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      16. Функциялары:
      1) тиісті уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орман өсiру, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралары қарастыратын "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жоспарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) аумақты даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады және тиісті уәкiлеттi органдармен келiседі;
      3) қоршаған ортаны қорғау саласында инвестициялық жобаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органдарға табыс етедi;
      4) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және оларды орындауды iске асырады;
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда), жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындайды;
      6) уәкiлеттi органға беру үшiн орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттiк орман кадастры, өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк мониторингi бойынша материалдар әзiрлейдi;
      7) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi бойынша ұсыныстар әзірлейді және уәкiлеттi органмен келiседі, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге ұсынады;
      8) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға қатысады;
      9) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
      11) бассейндік кеңестер мен бассейндік келісімдердің жұмыстарына қатысады;
      12) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебі туралы ақпарат жинақтауды жүзеге асырады;
      13) өзен бассейндері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын әзірлеуге қатысады;
      14) жергілікті уәкілетті органмен келісілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекітуге ұсынады;
      15) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi және келіседі;
      16) ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің шаруашылық қызметіне экологиялық сараптама жүргізеді;
      17) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттарды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi және мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органның қарауына енгізеді;
      18) ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;
      19) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
      20) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орман пайдаланушыларға құрылыс объектiлерiн салуға учаскелер бередi және осы учаскелердi осындай объектiлер салу үшiн пайдалануға рұқсат бередi;
      21) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
      22) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерi тiзбесiнің, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер жобасын бекiтуге дайындайды;
      23) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтуге дайындайды;
      24) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      25) өз құзыретi шегiнде табиғат қорғау iс-шараларының жоспарларын келiседi;
      26) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi ұйымдастырады;
      27) коммуналдық қалдықтардың түзiлуi мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының жобасын бекiтуге дайындайды;
      28) өз құзыретi шегiнде қалдықтарды басқару бағдарламаларына келiсiм береді;
      29) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;
      30) бiр облыстың аумағында орналасқан, жергiлiктi, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекiтiп беру бойынша конкурстар өткiзедi;
      31) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      32) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      33) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      34) ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттауды жүргiзедi;
      35) рекреациялық балық аулау аймағын белгiлеу жобасын дайындайды;
      36) балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу жобаларын дайындайды, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашады және жабады;
      37) екi және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшiн аулау, сондай-ақ сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрiн қоспағанда, жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат бередi;
      38) аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзуге шарттар жасайды;
      39) елдi мекендердi шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн жерасты суларына iздестiру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргiзедi;
      40) жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша тиiстi негiздеме болған жағдайда осы суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады;
      41) заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызмет түріне лицензиялар беруді жүзеге асырады;
      42) жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес келісімшартта айқындалған көлемде және мерзімге жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді. Қажет болған жағдайда жер учаскесін аталған мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоюды жүргізеді;
      43) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
      44) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
      45) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендер немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелері тізбесінің жобасын бекітуге дайындайды;
      46) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
      47) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітуге дайындайды;
      48) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
      49) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;
      50) құзыретті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітуге дайындайды;
      51) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат бередi;
      52) тиiстi аумақта тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
      53) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;
      54) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
      55) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      56) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
      57) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
      58) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер жобасын дайындайды;
      59) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
      60) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратуға және алуға;
      2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға;
      3) өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар беруге;
      4) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша конфренциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізуге;
      5) орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерді және өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шұғыл басқаруды жүзеге асыруға;
      6) облыс әкіміне орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес бойынша авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзу кезінде, сондай-ақ ормандағы өрт қаупi жоғары болатын кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
      1) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының және бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) өзінің өкілеттігі шегінде "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың мемлекеттік мекемелерінің жұмысын үйлестіреді;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      7) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      8) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      9) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      10) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      11) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
      12) "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады