Коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 156 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 3979 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.04.2019 № 90 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б. Талдықбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Б. Бадашевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 156
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну
қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Батыс Қазақстан облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелеріне (бұдан әрі – коммуналдық қызметтер Қағидалары) сәйкес әзірленді және коммуналдық қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      2) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі – Субъект) – табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      6) энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр немесе жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
      7) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым.

2. Коммуналдық қызмет көрсетуді ұсыну тәртібі және шарттары

      3. Коммуналдық қызмет көрсету Субъект пен тұтынушы арасындағы жеке шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады.
      Тұтынушылар кондоминиум объектілерін басқару органына (бұдан әрі – басқару органы) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөніндегі өз құқықтарын заңдарда белгіленген тәртіппен табыстауға құқылы.
      Шарт айқын емес мерзімге жасалған деп есептеледі (егер тараптардың келісімімен басқаша көзделмесе) және коммуналдық қызметтер Қағидаларының 35 және 38-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
      4. Қызмет көрсетуді беру тұтынушылық сипаты мен режимі нормативтік-техникалық құжаттамамен белгіленген талаптарға:
      1) жылумен жабдықтау бойынша – тұрғын бөлмелердегі жылыту маусымы бойы тәуліктік ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
      2) электрмен жабдықтау бойынша – жыл бойы тәуліктік қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлеріне;
      3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша – жыл бойы тәуліктік берілетін судың құрамы, қасиеті мен ысытылу температурасы жөнінде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына;
      4) канализация бойынша – жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуін қамтамасыз етуге;
      5) лифтімен қызмет көрсету бойынша – жыл бойы тәуліктік немесе шарттың негізінде лифтіні қауіпсіз пайдалануға;
      6) қоқыс шығару жөнінде – санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретіндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуі тиіс.
      5. Коммуналдық мақсаттағы негізгі қорлардың қуатын, құрамын, төзімділігін, климаттық және басқа да жергілікті жағдайлары ескеріле отырып қызмет көрсетулерді беру режимі мен тұтынудың кепілді деңгейі Шартпен белгіленеді.

3. Коммуналдық қызметтерді пайдалану тәртібі мен шарттары

      6. Жалпы үйлік энергия желілерінің, сондай-ақ есепке алу құралдарын тиісті техникалық жағдайда ұстау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеті болып табылады және басқару органымен немесе тұтынушының басқа өкілетті тұлғасымен немесе тұтынушымен жасалған жекелеген шарт негізінде жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет көрсетуді дербес (тиісті рұқсат болған жағдайда) және (немесе) энергия беруші немесе осындай қызмет түріне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргізе алады.
      Пәтерлердегі, тұрғын ғимараттардағы, үй-жайлардағы, гараждардағы труба құбырларының, энергия өткізгіштердің, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшін, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі үшін жауапкершілік тұтынушыға жүктеледі.
      7. Есепке алу құралдарын сатып алу және орнатуды тұтынушы өзі немесе энергия беруші ұйым арқылы жүзеге асыруға құқылы.
      8. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердің дәліздері мен жекеленген пәтерлерге орнатылады.
      Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиіс.
      9. Тұтынушы өзінің пәтерінде немесе тұрғын ғимаратта орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтіндігіне жауап береді. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерінің) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтіндігі үшін қарамағына сол үй кіретін басқару органы жауапкершілік арқалайды.
      10. Тұтынушылардың (пәтер иелерінің) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгісіз біреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе қарамағына сол үй кіретін басқару органы бір ай мерзім ішінде, егер де тараптардың келісімінде басқаша көзделмесе, қалпына келтіреді. Есепке алу құралы қалпына келтірілгенге дейін тұтынушы (пәтер иесі) оны энергия желісіне қосуды талап етуге құқылы. Мұндай уақытша қосу үшін ақы алынбайды.
      11. Тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы желілердің тиісті түрі үшін былайша айқындалады:
      1) жылу – басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      2) ыстық сумен жабдықтау – ыстық сумен жабдықтау жүйесінің соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      3) суық сумен жабдықтау – басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
      4) канализациялау – тұтынушы қосылатын жердегі құдық көшедегі канализациялық желі шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы – ғимараттан желіге қосылатын құдық;
      5) электр энергиясы – ғимаратқа кіретін қуаттандырылатын сым ұшында.
      12. Міндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, Шарт бойынша Субъект пен тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы.
      13. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының алдында энергия жеткізуші параметрлерінің және форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын энергияның жетіспеушілігі үшін тұтынушы алдында материалдық жауапкершілік алмайды.

4. Төлеу тәртібі

      14. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
      15. Тұтынушы төлемді есептік айдан 25-нен кешіктірмей немесе тұтынушы мен Субъект арасындағы келісім бойынша Шартта ескерілген мерзімде жасауы тиіс.
      16. Төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда тұтынушы шартпен белгіленген айыппұлды төлейді.
      17. Егер тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшін белгіленген тәртіппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен жүргізіледі. Бірнеше рет ағыту кезінде оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі, қызмет көрсетудің осы түрі бойынша тарифі белгіленген тәртіппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келісіледі.
      18. Жұмсалған энергия үшін есеп айырысу есеп жүргізу құралдарының көрсеткіші негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жазып берген есеп бойынша жүргізіледі.
      19. Есеп жүргізу құралдарының көрсеткішін алу мен энергия үшін есептеулерді жазуды пәтерлерге, тұрғын ғимараттарға, үй-жайларға, гараждарға бару кезінде қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдері жүргізеді.
      Екі есептік кезең ішінде тұтынушының кінәсінен пәтердегі немесе жеке үйдегі есептеу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде, тұтынушының өзі энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің жұмсаған энергиясының саны туралы мәлімет бермесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым белгіленген тәртіппен оның берілуін тоқтатуға құқылы.
      20. Тараптардың келісуі бойынша есептеу құралдарынан көрсеткішті алу мен төлем құжаттарын толтыру кезінде тұтынушыға өзіне өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Бұл кезде төлем құжатын жазуды және төлеуді тұтынушының өзі жүргізеді. Төлем құжаттарын жазу және төлеу кезінде тұтынушының жіберген қателері талаптардың ескіру мерзімі шегінде олардың анықталу шамасына қарай энергиямен жабдықтаушы ұйымда есепке алынады.
      21. Абоненттің кінәсі бойынша болмаған есептің уақытша бұзылуы кезінде электр энергиясы үшін есеп айырысу егер шартта электр энергиясының аз саны көрсетілмесе, алдыңғы есептік кезеңнің орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
      Электр энергиясының орта тәуліктік есептік кезеңі бір айдан, бұл кезде есеп айырысу есебі толық көлемде қалпына келтірілуі керек, аспауы тиіс.
      Егер есеп айырысу есебін көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаса, абонентке босатылған электр энергиясына есеп айырысу және есепке алу тәртібін қалпына келтіру тәртібі абоненттің және энергиямен жабдықтаушы ұйымның келісімімен белгіленуі тиіс.
      22. Тұтынушының есептеу аспабының сызбасына өзгеріс енгізгені, оның бүлінгені, пломбасының жұлынуы, дискінің жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткізгенін немесе есептеу құралының көрсеткішін бұрмалайтын тетік орнатқанын энергиямен жабдықтаушы органның өкілдері бұрынғы баруларында табуға мүмкін болмаған жағдайда тұтынушыға энергиямен жабдықтаушы ұйым белгіленген тәртіппен соңғы тексеру өткізілген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшін талаптың ескіру мерзімінен аспайтын қайта есептеуді жүргізеді.
      Қайта есептеу:
      1) жарықтандырғыш ток қабылдағыштардың қуаты және олардың пайдалану сағаттарының саны бойынша;
      2) тұтынушыда штепсельді розеткалар болған жағдайда (олардың санына қарамастан) – бір розетканың 600 Ватт қуаттың тәулігіне 24 сағат пайдалануы есебінен, ал 600 Ватт қуаттан артық жылыту құралдары немесе басқа электр жабдықтары табылған жағдайда – тұтынушының пайдалануындағы жабдықтың оның нақты қуатының тәулігіне 24 сағат пайдалануы есебінен жүргізіледі.
      23. Өтініш берілген және растайтын құжатты (емдеу мекемесінен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбіршегі, уақытша тұрған жері бойынша тіркеулі туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшін төлемі туралы түбіршек) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (біреуінің немесе бірнешеуінің) уақытша кетуі, есептеу құралдары жоқ жағдайда бір адамға есептелінген қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізілмейді.
      Төлемді қайта есептеуге әкеліп соққан барлық өзгерістер тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтініш берген сәтінен бастап жүзеге асырылады.
      24. Есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда бір адамға есептелінетін қызмет көрсетулер үшін төлемдер тұрушылардың нақты саны бойынша алынады.
      25. Пәтер иелерінің кооперативі объектілерін басқаратын органдар жалпы үйлерін мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшін белгіленген тәртіппен бекітілген тариф бойынша, пайдалану жауапкершілігі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.
      26. Есептеу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершілігінің бөліну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезінде, бөліну шекарасынан бастап есептеу құралдарын орнату орындарына дейін желі учаскесіндегі шығындар көрсетілген желі учаскесі баланста тұрған иесіне шарт негізінде жатқызылады.
      27. Лифтіні пайдаланғаны үшін төлем 1-ші және 2-ші қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрінен алынады.
      28. Жылумен қамтамасыз еткені үшін төлем Субъект тұтынушымен келісуі бойынша жыл ішінде бірқалыпты не осы қызмет түрін ұсыну кезеңінде жүргізіледі және Шартпен анықталады.

5. Қорытынды ережелер

      29. Осы Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады