Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 ақпанда № 4254 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына (Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2012 жылғы 16 қазанда №3097 тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Т.Р. Нығметов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №374
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,
діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы


Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
1
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49. "Оптима" кітап дүкені
2
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан атындағы даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай. "Книги" кітап дүкені
3
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, С.Құрманғазы атындағы көше, 150 үй, 100 үй-жай. "Книжник" кітап дүкені
4
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 90. "Бұлақ" дүкені
5
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 23/7. "Жанар" дүкені
6
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, С. Датов көшесі, 17. "Дана" дүкені
7
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, А. Байтұрсынов көшесі, 90. "Сахара" сауда үйі
8
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылы, Садықов көшесі, 13. "Ерік" дүкені
9
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі, 1. "Тоқтар" дүкені
10
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 110/2. "Сервис" дүкені
11
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 16/8. "Универмаг" дүкені
12
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, В.И.Ленин атындағы көшесі, 110. "Яик" дүкені
13
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 18. "Әсел" дүкені
14
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі, 13. "Жарсуат" сауда үйі
15
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, С.Ш.Жақсығұлов атындағы көше, 1. "Аққу" дүкені
16
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Б.Қаратаев атындағы көше, 24А. "Қалқаман" дүкені

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады