"Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 2320 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 1 қырқүйекте № 4015 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 13.05.2016 № 1331 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Е. Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Орынғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 2320 қаулысымен
бекітілген

"Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 127 А.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерін кірістермен әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
      6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
      7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.
      16. Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуын бақылау;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуын бақылау;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау;
      5) қабылданған шешімдердің және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманың орындалуын бақылау;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасын бақылау.
      17. Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.

3. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      5) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелерін шешеді;
      7) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      8) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      9) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      10) сенімхатсыз "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеме атынан әрекет ете алады;
      11) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сенімхаттар береді;
      12) "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапар, тағылымдаманың, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытудың және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің жоспары мен тәртібін бекітеді;
      13) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге барады;
      14) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысады;
      15) тексеруді "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізеді;
      16) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
      17) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
      18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасайды;
      19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарады;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Орал қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады