"Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 2720 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 4057 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1331 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 13.05.2016 № 1331 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (А. Отеуов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі А. Көлгінов

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 тамыздағы
№ 2720 қаулысымен
бекітілген

"Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр Хан даңғылы, құрылыс 1.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерін кірістермен әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы хал актілерін тіркеу саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;
      2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру.
      15. Функциялары:
      1) тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      3) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      4) әкені анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      7) қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      8) бала асырап алуды (қыз асырап алуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
      10) арыз берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;
      11) арыз берушілерге олардың өтініштері өздерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жіберілгені туралы хабардар етеді;
      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      16. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын жергілікті атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Орал қаласының хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
      9) сенімхатсыз "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет ете алады;
      10) мердігерлік ұйымдарымен шарттар жасады;
      11) "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сенімхаттар береді;
      12) "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
      "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      19. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      20. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      21. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      22. "Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады