Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 391 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 485 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 4171 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №391 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №3635 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйекте "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (С.М.Бакманов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жұматоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә.Жоламанов

      КЕЛІСІЛДІ:
Ақжайық аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
___________А.Абуғалиев
3 желтоқсан 2015 жыл

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№485 қаулысына қосымша
  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қыркүйектегі
№391 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар


Елді мекендер атаулары
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Ақбұлақ ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
2.
Ақсуат ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
3.
Алғабас ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
4.
Алмалы ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
5.
Атамекен ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
6.
Әтібек ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
7.
Базартөбе ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
8.
Базаршолан ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
9.
Бітік ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Бітік бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
10.
Битілеу ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "И.Тайманов атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
11.
Бударин ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
12.
Есенсай ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Есенсай орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
13.
Есім ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Есім бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
14.
Жайық ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
15.
Жамбыл ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
16.
Жаңабұлақ ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
17.
Жаңажол ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
18.
Жанама ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
19.
Жантемір ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
20.
Жолап ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
21.
Жұбан Молдағалиев ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
22.
Қабыл ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім
бөлімінің "Лбішін негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
23.
Қадырқұл ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Қадырқұл негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
24.
Қамыстыкөл ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Қамыстыкөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
25.
Қарағай ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
26.
Қарауылтөбе ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
27.
Кеңсуат ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
28.
Коловертное ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Коловертной бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
29.
Көнеккеткен ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "О.Исаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
30.
Қызылжар ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Еңбекші негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
31.
Лбішін ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
32.
Мерген ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
33.
Мойылды ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
34.
Первомай ауылы
Мәдениет үйі ғимаратының алдында және фойеде
35.
Тайпақ ауылы
"Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ақжайық аудандық "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының филиалы ғимаратының алдында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
36.
Тасоба ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Тасоба бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
37.
Тегісжол ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
38.
Тінәлі ауылы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
39.
Тоған ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
40.
Томпақ ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
41.
Сайқұдық ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
42.
Самал ауылы
Дәрігерлік амбулатория ғимаратының алдында
43.
Сарман ауылы
Ауылдық кітапхана ғимаратының алдында
44.
Үштөбе ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында
45.
Чапаев ауылы
Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жайықтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген) орталық базарының алдында, "Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында,
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында
46.
Шабдаржап ауылы
Ауылдық клуб ғимаратының алдында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады