Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің Ж. Молдагалиев және Сайқұдық ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3820 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Ж. Молдагалиев және Сайқұдық ауылдары халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Құрайлысай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің Ж. Молдагалиев және Сайқұдық ауылдарының атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Доскалиев

  2015 жылғы 30 қаңтардағы
Құрайлысай ауылдық округі
әкімінің № 1 шешіміне
қосымша

Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округінің Ж. Молдағалиев және Сайқұдық
ауылдарының атаусыз көшелерінің атаулары

      1. Ж. Молдағалиев ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Жұбан Молдағалиев» көшесі;
      жобалық көшесі № 3 – «Тәтібай Сұлтанғалиев» көшесі;
      жобалық көшесі № 4 – «Сырым Датұлы» көшесі;
      жобалық көшесі № 5 – «Жеңіс» көшесі;
      жобалық көшесі № 6 – «Темір Масин» көшесі;
      жобалық көшесі № 7 – «Қадыр Мырзалиев» көшесі;
      жобалық көшесі № 8 – «Сайымжан Еркебаев» көшесі;
      жобалық көшесі № 9 – «Желтоқсан» көшесі;
      жобалық көшесі № 10 – «Сағынғали Сейітов» көшесі;
      жобалық көшесі № 11 – «Мәншүк Маметова» көшесі;
      жобалық көшесі № 12 – «Әлия Молдағұлова» көшесі;
      жобалық көшесі № 13 – «Жас отау» көшесі;
      жобалық көшесі № 15 – «Жағалау» көшесі;
      жобалық көшесі № 16 – «Сұңқар» көшесі.
      2. Сайқұдық ауылы бойынша:
      жобалық көшесі № 1 – «Жұбан Молдағалиев» көшесі;
      жобалық көшесі № 2 – «Абай» көшесі;
      жобалық көшесі № 3 – «Бейбітшілік» көшесі;
      жобалық көшесі № 4 – «Кең дала» көшесі;
      жобалық көшесі № 5 – «Махамбет Өтемісұлы» көшесі;
      жобалық көшесі № 6 – «Сәкен Сейфуллин» көшесі;
      жобалық көшесі № 7 – «Темір Масин» көшесі;
      жобалық көшесі № 8 – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады