Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округінің Мастексай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3880 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округі әкімінің 10.07.2017 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 100 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы Мастексай ауылдық округінің Мастексай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Мастексай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е. Айгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Мухамбетжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады